«Дәрігерлер 20 мың теңге сұраған»: Таразда жаңа босанған әйел сәбиі мен жатырынан айырылып қалды

27.11.2025 12:22 Әсел Мұрат
«Дәрігерлер 20 мың теңге сұраған»: Таразда жаңа босанған әйел сәбиі мен жатырынан айырылып қалды
0
184
Фото: видеодан скрин

Жамбыл облыстық перинатальдық орталығында жаңа туған сәби шетінеп, анасы өлім аузында жатыр. Әйелдің жақындарының айтуынша, акушерлер кесарь тілігін жасау үшін 20 мың теңге ақша сұраған, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Астана арнасының хабарлауынша, айы-күні жетіп отырған Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаеваны аурухана дәрігерлері тексеріп, іштегі сәбидің сау екенін айтып, Жамбыл облыстық перинатальдық орталығына кесарь тілігін жасатуға жіберген.

Келіншектің туыстарының айтуынша, дәрігерлер оның медициналық картасын ашып қарамай, 7 күн жатқызып қойған. Әйел өзі босанып, 4 келі 400 грамм салмақтағы баланы дүниеге әкелген, 
Отбасының айтуынша, Гүлім дәрігерге ақша аударғаннан кейін оны босану бөлмесіне апарған. Бірақ бір сағаттан кейін жаңа туған нәресте шетінеп кетті. Ал әйелдің жатыры жарылып, жансақтау бөліміне түсті. Кейін жатыры алып тасталды. 

«Оған дереу ота жасалуы керек еді. Олар оны бейсенбіде әкелді. Кесар тілігі кейінге қалдырды, содан кейін демалыс күндеріне қалды. Кейін ол дәрігерлер кесар тілігі үшін 20 000 теңге талап етіп жатқанын жазды. Ақша, түсіндіңіз бе?! Олар оны жай ғана азаптады», – деді күйеуі Ермұхан Әмреев.

Қазір аурухана дәрігерлеріне қызметтік тексеріс басталды.

«Зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады.Тәуелсіз сарапшылар қатысады. Заң бойынша ешқандай қолақы берудің қажеті жоқ, ол тегін болу керек», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.

Дәрігерлердің ақша талап еткені дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий