Дастан Сәтпаев әлемдегі ең үздік футболшылар тізіміне енді
“Қайрат” футбол клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жас үздік футболшылардың қатарына енді деп хабарлайды POLITICO.KZ
Британдық танымал The Guardian газеті жылдың ең үздік жас футболшылар тізімін жариялады. Айтулы рейтингке “Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бар. Дастан Сәтпаев қазақ футболшыларының арасынан бұл тізімге ілінген жалғыз футболшы. Әлемнің үздіктер қатарына танымал клубтардың жас таланттары да енген.
Олар, "Барселона" сапынан — вингер Тони Фернандес пен жартылай қорғаушы Нико Гильен, "Боруссия Дортмундтан" — италиялық шабуылшы Самуэль Инасио, "Бавариядан" — жартылай қорғаушы Карл Леннарт, ал Пари Сен-Жерменнен — жас форвард Ибрагима Мбайе де үздіктер қатарында. Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Лондонның “Челси” клубына шақырту алған футболшы. Ол он сегіз жасқа толғанда түбегейлі Лондондық клуб сапына ауысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...