«Дәурен жүрегін қатты жаралаған»: Ақбота-Нұр соңғы махаббаты жайлы ашық айтты
«Соңғы махаббат» фильміне арналған сұхбат барысында актриса әрі әнші Ақбота-Нұр жеке өміріне қатысты сырын ақтарып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz
Сұхбат жүргізуші Аян Өтепберген өнер иесінен соңғы махаббатынан қандай түйін түйгенін сұраған. Әншінің жауабы көрерменді бейжай қалдырмады. Ақбота өз өміріндегі бір адамды шын жүректен «соңғы махаббатым» деп қабылдағанын жасырмады. Алайда уақыт өте келе бұл сенімнің ақталмағанын мойындады.
«Өкінішке қарай, ол менің соңғы махаббатым болмады», — деді.
Ақботаның айтуынша, бұл қарым-қатынас оған өмірлік маңызды сабақ берген. Өткен тәжірибе оның дүниетанымын өзгертіп, махаббатқа деген көзқарасын тереңдеткен. Сонымен қатар әнші алдағы уақытта жолығатын соңғы махаббатынан үлкен үміт күтетінін де атап өтті. Оның бұл сөздері жүрегінде әлі де жазылмаған жара барын аңғартқандай әсер қалдырды.
Желі қолданушылары Ақбота Нұрға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырды. Оқырмандардың пікірінде:
«Ақбота сұлу ғой, бақытты болсын», «Дұрыс адам жолықсын», «Ауызы күйген үрлеп ішеді» деген жазбалар жиі кездеседі.
Көпшілік әншінің шынайылығын жоғары бағалап, оның болашақта бақытты махаббатқа жолығуына тілектестік білдіріп жатыр
Соңғы жаңалықтар