"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні немен айналысатыны белгілі болды
Жеке бренд саласында контент дайындайтын Динара Мырзажанқызы есімді Instagram қолданушысы танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның кәсібін анықтап, парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Оның айтуынша, Әдия бүгінде сән әлемімен айналысып, Дубайдан абайка киімдерін әкеліп, Қазақстанда сатады.
"Жақында Сәкен Майғазиев дүркіретіп үлкен ұлының тойын жасады, баласын үйлендірді. Баласы Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия кім болып жұмыс жасайды екен? Оның парақшасына кірген кезде эстетиканы, сұлулықты, нәзіктікті, пост салуды жақсы көретінін байқадым. Ал жұмысына келетін болсақ, ол Дубайдан абайка киімдер сатып алып, Қазақстанға келіп сатады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.
Видеоның соңында ол Әдияның жеке және жұмыс парақшасына талдау жасап, шолу ұсынған. Бұл жазба Динара Мырзажанқызының жеке бренд тақырыбына арналған контентінің бір бөлігі болуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...
21.10.2026
11:46
Маңғыстауда мұнайды танкермен шетелге шығарып с...