«Екеуі ажырасып кетті ме?»: Қайрат Нұртастың анасы ұлының жанұясы туралы сұраққа жауап берді

Танымал продюсер және Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, ұлына қатысты қауесет сөздерге нүкте қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Айдарбекова желіде өзіне ақыл айтатын оқырмандар жайлы жазба жариялады.
«Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, «болды атағым бар» деп жатып алған күні болған жоқ. Ылғи ізденіп жүреді. Соның арқасында KN болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің деп. Сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандар, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да – сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді. Сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ мен таптым деп кеуде көтересің бе, оның бәрі пейіліңе байланысты. Үміт артқан ұл қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі бақытқа жеткізсін! Ең бастысы төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!», – деді арт-директоры.
Желі қолданушылары өнер иесінің анасынан отбасына қатысты сұрақ қойды.
«Қайрат пен Жұлдыздың өмірі сұрақ болып тұр. Екеуі ажырасып кетті ме?», - деп сұрады оқырман.
«Бес баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой, қайтесіз, өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті», – деп жазды продюсер.
Соңғы жаңалықтар





