"Енді мамам шөбере бағады": Ақбота Керімбекова сүйінші сұрады
Эстрада әншісі Ақбота Керімбекова былтыр шаңырақ көтерген ұлы Ақанның сәбилі болғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, ұлы мен келінінің перзентханадан шыққан сәтін көрсетті.
«Менде сүйінші жаңалық. Біздің шаңырағымызда кішкентай нәресте дүниеге келіп жатыр. Былтыр Ақаным, ұлым үйленген еді. Бүгін міне немерелі болып жатырмын. Екінші рет әже болып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Барлығыңызға осындай жақсылық бұйырсын. Немере сүйіңіздер. Шөбере сүйіңіздер. Шаңырақтарыңызда тек той болсын! Енді мамам шөбере бағады», – деді Ақбота Керімбекова видеода.
Айта кетейік, бұған дейін әнші өзінің үш рет тұрмысқа шыққаны туралы көпшілікке айтқан болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.10.2026
14:48
Тоқаев Құтқарушы күні 13 азаматқа мемлекеттік м...
19.10.2026
14:39
Тоқаевтың екі өкімі: Қауіпсіздік Кеңесінде кімд...
19.10.2026
13:50
«Арманым орындалды»: Баян Алагөзова әкімге алғы...
19.10.2026
13:30
Қазақстан аспанында ресейлік ұшақ апат белгісін...
19.10.2026
13:14
Трамптың бас дипломаты Қазақстанға келуі мүмкін
19.10.2026
12:48
8 жыл бойы іздеуде жүрген 69 жастағы әйел Ақмол...