Ерке Есмахан 40 жасына күйеуі не сыйлағанын көрсетіп, жұртты таң қалдырды
547
Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында жолдасы өзіне не сыйлағанын көрсетті. Өнер иесі 40 жасын тойламайтын болған соң, күйеуі қалағанын әперуге уәде берген.
Ерке Есмахан күйеуі Райымның туған күніне не сыйлағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Хитмен келіншегіне Chopard, Van Cleef, Graff, Bulgari сынды қымбат брендттерден сыйлық тарту еткен.
Оған қоса Ерке Есмахан бұл сыйлардың соңы емес екенін жеткізді. Өнер иесі туған күніне дейін 15 күн бар екенін алға тартып, сол уақытта сыйлықтарын тағы да толықтырмақ екенін айтты.
"Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", - деп жазды Ерке Есмахан. Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтты. Алайда күйеуі екеуі жазда барлық қуанышын біріктіріп, үлкен той жасайтынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
25.04.2026
13:09
Президент Астанада «Таза Қазақстан» акциясына қ...
25.04.2026
12:35
«Ал біреуді өлтіріп қойсам ше?»: Алматыда қолын...
25.04.2026
11:24
Шымкентте танымал автоблогер полициямен даудан ...
25.04.2026
10:21
ШҚО-да жаңа аурухана құрылысы кезінде табылған ...
25.04.2026
09:16
СҚО-да әйел танысын өлтіріп, мәйітті кереует ас...
24.04.2026
23:38
Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы оқушыны ...