Ерлан Қарин – вице-президент, Олжас Бектенов – премьер-министр: Құрылтай шешімі

31.08.2026 11:16 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ерлан Қарин – вице-президент, Олжас Бектенов – премьер-министр: Құрылтай шешімі
245
Коллаж Politico.kz

Құрылтай отырысында Ерлан Қарин мен Олжас Бектеновтің кандидатурасы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Ерлан Қарин вице-президент, ал Олжас Бектенов премьер-министр болып бекітілді. Бұл үміткерлерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын 141 депутат жақтап дауыс берді. Дауыс беру кезінде 4 адам қалыс қалды. Нәтижесінде ол Қазақстанның вице-президенті қызметіне кіріседі.

Ал Олжас Бектенов премьер-министр қызметіне қайта ұсынылды. Оның кандидатурасын 137 депутат қолдады. Бұл шешімге 7 адам қалыс қалған. Осылайша ол Үкімет басшысы қызметін ары қарай жалғастырады.

Жаңа Конституция талаптарына сәйкес, аталған лауазымдарға тағайындау ережесі нақтыланған. Вице-президент пен премьер-министрді Құрылтай мүшелерінің келісімімен Президент тағайындайды. Шешім заңды күшіне енуі үшін үміткерлер отырыста көпшілік дауыс жинауы тиіс.

Войдите, чтобы оставить комментарий