Halyk Bank-ті басқаруға ресейлік тағайындалды

30.01.2026 15:31 Арман Ермеков Арман Ермеков
Halyk Bank-ті басқаруға ресейлік тағайындалды
198
фото-коллаж: politico.kz

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының (Halyk Bank) басқарма құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа басшылық қызметке ресейлік маман келді, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы қаржы ұйымының ресми сайтында жарияланды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен Михаил Хасин Александрович Басқарма мүшесі және Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Жаңа лауазымда Михаил Хасин ақпараттық технологияларды дамыту және банкті цифрлық трансформациялау бағыттарына жауап береді. Ол бұл қызметте былтырғы желтоқсан айында қаржы институтынан кеткен Андрей Заварзинді алмастырды.

Ресей азаматы Михаил Хасин 1975 жылы Донецк қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Мәскеу Физика-Математика Институтын «Қолданбалы Математика және Физика» мамандығы бойынша бітірді, сол жерде 2001 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2007 жылы МВА дәрежесін алды. АТ саласында 25 жылдан аса тәжірибесі бар, соңғы жұмыс орны – BNP Paribas (Португалия) банкінің Global Markets CIO.

Еңбек жолында Михаил Хасин ірі ресейлік қаржы құрылымдарында жауапты қызметтер атқарған. Атап айтқанда ВТБ банкінде Ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ «Сбербанк» жүйесінде аға басқарушы директор және «Сбербанк-Технологии» компаниясында бас директордың орынбасары әрі басқарма мүшесі позицияларын басқарды.

Енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасы қазіргі уақытта сегіз адамнан жасақталды. Оларды Басқарма Төрайымы ретінде Шаяхметова Үміт Болатханқызы басқармақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий