Ираннан атылған зымыраннан кейін Ердоған НАТО-мен кеңесті
Түркияның Қорғаныс министрлігі Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранның әуе қорғанысы жүйелері арқылы жойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, зымыран Ираннан ұшырылып, Ирак пен Сирия аумағы арқылы өткен. Кейін ол НАТО-ның Шығыс Жерорта теңізіндегі әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері тарапынан жойылған.Зымыранның сынықтары Түркияның Хатай провинциясы аумағынан табылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Анкара билігі ел аумағы мен әуе кеңістігін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар тараптарды жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырды.Мәселеге қатысты Режеп Тайып Ердоғанда пікір білдірді.
«NATO-дағы одақтастарымызбен тығыз кеңес жүргізе отырып, барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін ескертулерімізді барынша нақты түрде жеткізудеміз», – деді Түркия президенті.
Последние новости