«Келіннің тілі шығыпты»: Индира Мауленованың видеосына қатысты пікір қақ жарылды

12.01.2026 11:55 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Келіннің тілі шығыпты»: Индира Мауленованың видеосына қатысты пікір қақ жарылды
0
82
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Гүлзира Айдарбекова, Индира Мәуленова

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні Индира Мауленова әлеуметтік желіде енесімен бірге түскен бейнежазбасын жариялап, көптің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Видеода продюсердің ас үйде ет тұздап жатқан сәті көрсетілген. Ал келіні бұл көрініске әзіл аралас жылы жазба қалдырған.

«Көңілін тапсаң, әр ене өз анаңдай.
Бүгінгі келін — ертеңгі ана.
Ұрыспай, өсектемей, ауызбіршілігіміз мол болсын.
(“Әзілің жарасса, енеңмен ойна” деп қоясың ғой)», — деп жазды Индира.

Алайда бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі келін мен ененің қарым-қатынасын үлгі етіп, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі келіннің сөз саптауын сынап отыр.

«Енеңіз керемет жан екен», «Осылай ененің тілін тапқан келіннен айналып кетейін», «Кім не десе де, бұл өнерлі отбасы ұнайды» деп жазса, қарсы пікір білдіргендер: «Келіннің тілі шығыпты», «Үш бала туғаннан кейін көреміз», «Енесіне дөрекі сөйлейді», «Мамасын жұмсауды біледі» деген сарындағы пікірлер қалдырды.

Осылайша, ене мен келіннің әзілге құрылған қарым-қатынасы біреуге үлгі болса, біреуге ерсі көрініп, желіде қызу талқыға түсті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий