«Келісімге келуді сұраймын»: Жанәбіловтің әйелі сотта соңғы сөзін айтты
Ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтердің сотында Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот отырысында блогер өз кінәсін толық мойындайтынын жеткізді.
«Біз барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бұл жағдай біз үшін үлкен сабақ болды. Заң бұзғанымызға шын жүректен өкініш білдіреміз. Бізге мейіріммен қарап, бас бостандығымыздан айырмайтындай жаза беруіңізді өтінеміз. Сондай-ақ процессуалдық келісім жасасуды сұраймын», – деді ол.
Осыдан кейін сот отырысында үзіліс жарияланды.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты ерлі-зайыпты блогерге қатысты әкімшілік істі қараған. Заңсыз лотерея өткізу дерегі бойынша іс тоқтап, қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты материалдар экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, Instagram желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты сенімге кіріп, заңсыз табыс тапқан.
Кеше Төлегенова денсаулығының нашарлауына байланысты сот отырысына келе алмаған.
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар