"Көпшіліктің сұрауы бойынша": Димаш Құдайберген Астанада қосымша концерт бермек
Отандық әнші Димаш Құдайберген Астана қаласында қосымша концерт бермек. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
Әнші кезекті кеш көпшіліктің сұрауы бойынша өтетінін алға тартты.
"Достар! Астанада көпшіліктің сұрауы бойынша 14 қыркүйекте ASTANA ARENA стадионында өтетін қосымша концертімді ресми түрде хабарлаймын. Билеттер Ticketon.kz сайтында", - деді ол.
Айта кетейік, 13 қыркүйек күні өтетін Stranger атты шоудың билеттері 22 шілде күні сатылымға шықты. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамы сатылып кетті.
"Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері", - деп жазды әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...
21.10.2026
11:46
Маңғыстауда мұнайды танкермен шетелге шығарып с...
21.10.2026
11:45
Дильназ Ахмадиеваның даулы бейнебаяны: Білім ба...