Көшпенділер ойындарында жылқыны "қансыратқан" көкпаршының видеосы тарады

07.09.2026 16:31 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Көшпенділер ойындарында жылқыны
264
Фото: Бейнеден алынған скрин

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық көкпаршы мінген атының езуін жыртып тастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл жайттың видеосын әлеуметтік желіге қырғызстандық стилист Тілек Бекболотов жүктеген. Бейнеде спортшының ауыздықты тым қатты тартқаны байқалады. Осы әрекеттің салдарынан жануардың езуі жыртылып, қан сауғалап аққан. Қазір бұл оқиға желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Жұрт көкпаршының қылығын жануарға жасалған қастандық деп бағалады.

Желі қолданушылары спортшының кім екенін көпшілікке жария етуді талап етті. Олар кінәлі адамды осы әрекеті үшін қатаң жауапқа тартуды сұрап отыр.

«Сұмдық! Көшпенділер ежелден өз атына ерекше құрметпен қараған. Жылқыға мұндай ауырсыну әкелетіндей әрекет болмаған. Бұл шабандоздың өзін және мейірімді тұлпарын сыйламауы. Оны атқа міну мүмкіндігінен айыру керек», – деп жазды желі қолданушысы.

Оқырмандар мұндай көрініске қараудың өзі ауыр екенін жеткізді. Олар жануарларды спортқа пайдалануға түбегейлі қарсы шықты.

«Жануарларды пайдалануды доғарыңдар! Қаншалықты ауыр екенін түсіну үшін өздерің күресіп, төбелесіп, бір-біріңді қуыңдар», – деді тағы бір оқырман.

Көпшілік қансыраған жылқының жағдайына қатты алаңдап, спортшының мейірімсіздігіне наразы болды.

«Сұмдық! Жылқының жағдайын ешкім көріп тұрған жоқ па? Оның аузын әдейі тартып тұр, мынау қандай қатыгездік? Өз атына деген мейірім қайда? Осылай істеуге бола ма? Оған қараңыздаршы, әбден болдырып қалған, қаншама қан ағып жатыр, өте қорқынышты», – деп пікір қалдырды көрермендер.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін Politico.kz Туризм және спорт министрлігіне сауал жолдады.

Войдите, чтобы оставить комментарий