«Күйеуіне ерегесіп ұрған»: Таразда баласын ұрып-соққан әйел ұсталды (ВИДЕО)

02.02.2026 13:40 Әсел Мұрат
«Күйеуіне ерегесіп ұрған»: Таразда баласын ұрып-соққан әйел ұсталды (ВИДЕО)
222
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында келіншек баласын аяусыз ұрған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Сәбиін аяусыз ұрған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Балалардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше, Бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылды, олардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық көлемде қамтамасыз етілді. 

«Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүлдіршіндерге медициналық көмек көрсетілуде, қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты», - делінген комитет хабарламасында.

Комитет балаларға қатысты қатыгездікке тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Ал ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментіндегілер.

Желіде тараған ақпарат бойынша әйел баласын бұрынғы күйеуіне ерегесіп, ұрған.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий