Лидия Каденованың бұрынғы келіні екінші рет күйеуге шықты
Аека пош лақапатымен танымал блогер Айым Алтынбекова екінші рет күйеуге шықты.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Блогерге бір күнде сырға салынып, беташар жасалған.
Бір қызығы, блогерге сырға салынбады, қолына қымбат брендтің браслеті тағылды.
"Үш жыл бұрын құлағыма ота жасалды, содан бері сырға таға алмаймын, сондықтан қолыма браслет тағылды. Сөйтіп "Сырғалым" атандым", - деп жазған ол.
Алайда блогердің екінші күйеуін әлеуметтік желіде мүлде көрсетпейді.
Айта кетейік, бұған дейін Аека пош Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Лидия Каденованың ұлы Дидар Каденмен бас қосқан еді. Кейін олар ажырасып кетті, алайда бұрынғы ерлі-зайыпты бір ұл өсіріп отыр.
Дидар Каден отбасын құрды, оның таңдауы Лейла есімді қызға түсті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...