«Махаббат деген осы емес пе?»: Ерке Есмахан күйеуі Райымның тосын сыйына жылап қалды (ВИДЕО)

«Махаббат деген осы емес пе?»: Ерке Есмахан күйеуі Райымның тосын сыйына жылап қалды  (ВИДЕО)
15.09.2025 12:16
0
220
Фото: instagram/ erke_esmahan

40 жастағы әнші Ерке Есмахан жуырда үшінші рет ана атанған еді. Ол жолдасы, әнші RaiM-нің әсерлі әрекетіне еріксіз толқып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әртіс RAKHMET FEST 2025 фестивалі аясында Ақтөбе орталық стадионында өнер көрсетіп, сүйікті жарына арнап ерекше тосынсый дайындады.


«Кеше күйеуім: «Мен сенің туған жеріңе, Ақтөбеге барамын, стадионды сенің әніңді айтуға шақырамын» деді. Мен тіпті мән бермеп едім. Ал бүгін осыны көріп, көзіме жас келді. Махаббат деген осы емес пе? Өздеріңіз қараңыздаршы», – деп әсерімен бөлісті Ерке.

Концерт барысында түсірілген кадрларда мыңдаған көрерменнің RaiM-мен бірге Ерке Есмаханның танымал «Қайда?» әнін шырқағаны көрінеді. Олардың қолындағы телефон шамдары стадионды жарыққа бөлеп тұрды.
Айта кетейік, «Қайда?» әні бірнеше жылдан бері тыңдармандардың сүйікті хиті болып келеді, ал бейнебаяны YouTube желісінде 176 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий