Министрлік ресейлік ұшақтардың ұшып өткені туралы «мәлімдемеге» жауап берді

27.02.2026 09:24 Әсел Мұрат
Министрлік ресейлік ұшақтардың ұшып өткені туралы «мәлімдемеге» жауап берді
586
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде министр Даурен Қосановтың атынан тараған мәлімдеменің видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл видео жалған. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты министрдің ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда.

«Аталған бейнематериал – жалған. Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған, ал дауыс бұрынғы сұхбат негізінде құрастырылған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік ондағы дауыс бұрын жазылған жария сөздердің негізінде монтаждалғанын хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз», – деп атап өтті министрліктегілер.

Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий