Мұхтар Шахановтың денесі Отырарға жеткізілді
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың денесі Түркістан әуежайына ұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Аңыз тұлғаның сүйегі Түркістандағы әуежайдан Отырар ауданына жөнелтілді.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы жұртшылығы ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасты.
Ұлт жанашырымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті.
Театр алдына жиналған қалың жұрт пен зиялы қауым өкілдері ақынның рухына тағзым етіп, соңғы сапарға шығарып салды.
Қаралы жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Тоқаев жолдаған хатта ақынның ұлттық мүдде жолындағы еңбегі мен «Желтоқсан» шындығын ашудағы батылдығы ерекше аталған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...