Нөсер жауыннан 30 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды

Нөсер жауыннан 30 адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды
29.07.2025 16:34
0
161
Фото: freepik.com

Қытайда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп, салдарынан Бейжіңде 30 адам қаза тауып, 80 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Елдің солтүстігінде тасқын салдарынан таудан көшкін жүріп, 8 адам қайтыс болған. Нөсер жауын салдарынан Бейжіңнің Миюнь ауданында 28 адам, Яньцин ауданында екі адам көз жұмған.

Қала бойынша 80 332 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Нөсер салдарынан 31 жол учаскесі бүлініп, 136 ауыл жарықсыз қалған.

Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Чэндэ, Таншань, Ланфан және Циньхуандао қалаларында да су тасқыны болған. Таудан көшкін жүруіне байланысты Хэбэй провинциясының 15 округінде қауіптіліктің "қызыл" деңгейі, 6 округінде "қызғылт сары" деңгейі жарияланған.

Осы провинциядағы көшкін салдарынан сегіз адам қаза тауып, төрт адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий