«Олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады»: Саясаттанушы жемқорлар Қазақстанның түбіне жететінін айтты
Мемлекеттің дамуына үлес қосу үшін билікке, таққа таласудың қажеті жоқ. Бұл туралы саясаттанушы, журналист Асхат Асылбеков «Qasqa jol» каналына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, өзі Қаңтар оқиғасынан кейін әлеуметтік мемлекет құра аламыз, қарсы шығып жатқан күштерді жеңе аламыз деп сенген. Алайда жағдай басқаша.
Бағдарлама қонағы тіпті, құр сөз емес, дәлел келтіре отырып сөйледі. Қорқынышты болжаммен қатар, адам сенгісіз фактілер және бұрын еш жерде айтылмаған оқиғалардан құралған сұхбат берді.Елдегі жемқорлық туралы сөз қозғады.
«30 жыл бойы Қазақстанды кім тонады? Қазақстанды тонаған – қазақтар! Ал мәдениетті адам өз халқын тонамайды. Ал біздің олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады. Енді бұлай жалғаса берсек, бірікпесек, 10 жылдың ішінде Қазақстан деген мемлекеттен айырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан Үкімет коалициялық болуы керек. Осы ойды Тоқаев бірнеше рет айтты. Менің бір-ақ ғана арманым, мақсатым бар, ол – Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтап қалу. Өйткені қауіп көп, өмір өзгерді, ешқандай кепіл жоқ. Сол үшін біз ешқандай тіл, ұлтаралық мәселені көтермеуіміз керек. Біздің жауларымызға сылтау бермеу керекпіз. Бірігу керекпіз, нағыз интерноциональды көп халықты, этносты мейірімді халық болу керек. Сонда ғана көршілермен сауда жасап, тату-тәтті тұруға болады», – деді Асхат Асылбеков.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты