«Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Айжұлдыз Адайбекованың аяғын сүйген күйеуі жұртқа жақпай қалды

Танымал блогерлер Айжұлдыз Адайбекова мен күйеуі Сәкен Қағаров әлеуметтік желіге видео салып сынға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Өзінің жеке парақшасында Жанар Айжанованың қызы күйеуінің аяқ киімін кигізіп, аяғынан сүйіп жатқан видеосымен бөлісті.
«Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың», – деп жазды Сәкен Қағаров.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жастың іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
«Жанар Айжановаға осы көрініс ұнайтын сияқты?!», Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?», «Айжұлдыз бақытқа лайық», – деп сүйсінсе, басқалары: «Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?», «Бұл өнеге болатын дүние емес», «Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек», «Атам көрсе ұрсып тастар еді», – деп сынға алды.
Соңғы жаңалықтар





