«Памперсіне дейін ауыстырдым»: Сотта Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы келіні Ақбаянмен қарым-қатынасын баяндады
Атыраудағы резонансты іс бойынша сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы Гүлнар Азмұхановадан жауап алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот барысында ол марқұм Ақбаянды өз қызындай көргенін айтып, екеуінің арақатынасы жақсы болғанын жеткізді.
«Ақбаян ауырғанда өзім қарадым. Памперсіне дейін ауыстырдым. Ол менің қызымдай болды. Маған қарсы келген адам емес еді», – деді ол.
Гүлнар Азмұханованың сөзінше, жас отбасының арасына алғаш болып Ақбаянның әкесі араласқан. Оның айтуынша, бір күні құдасы келіп, қызын үйден алып кеткен.
«Маған ең ауыр тигені – әкесі келіп, “Ақбаян бұл жерде тұрмайды” деп алып кетті. Ал Сұлтан оны қасынан тастамады. Кейін бөлек шығамыз деді, біз оларды бөлек шығардық», – деп еске алды айыпталушының анасы.
Еске салайық, Атыраудағы бұл қылмыстық іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Сот процесі барысында куәгерлер мен тараптардың жауаптары тыңдалып, оқиғаның мән-жайы жан-жақты қарастырылып жатыр. Іс бойынша сот отырысы жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар