Полиция боксшы Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін көрсетті (ВИДЕО)

09.07.2026 18:06 Әсел МҰРАТ
Полиция боксшы Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін көрсетті (ВИДЕО)
223
Фото: видеодан скрин

Астана қалалық полиция департаменті Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтінің видеосын жариялады. Бүгін спортшы мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше автокөлік зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген Елеусінов бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда ол көп ұзамай полицияның қолына түсті.

Артынша әлеуметтік желілерде Елеусіновке тиесілі делінген көліктің суреті жарияланды. Фотодан қара түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігінің соққы салдарынан қатты бүлінгені байқалады. Негізгі соққы көліктің алдыңғы сол жақ бөлігіне тиген. Салдарынан алдыңғы бампері толықтай қирап, сол жақ қанаты мен капоты қатты майысқан, алдыңғы фарасы зақымданған. 

Бүгін Астана қаласының әкімшілік соты Елеусіновті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, оны 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды.

Еске салсақ, Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы, еңбек сіңірген спорт шебері және кәсіпқой бокста IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Войдите, чтобы оставить комментарий