Президент Әйгерім Алтынбекті жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әйгерім Алтынбекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әйгерім Алтынбекке арнайы құттықтау жеделхатын жолдады. Өнер иесі Италияда өткен беделді ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
– Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.
Әйгерім Алтынбектің бұл жеңісі – қазақ опера өнерінің көкжиегін кеңейтіп, әлем алдындағы беделін арттыра түсті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты