Путинның шпионы деп айыпталатын Павел Дуров Астанаға келеді

Путинның шпионы деп айыпталатын Павел Дуров Астанаға келеді
17.09.2025 10:46
0
147
Фото: TuckerCarlson / Youtube

2025 жылдың 2 қазанында Астанада халықаралық технологиялық форум Digital Bridge 2025 басталады. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Instagram парақшасында шараға Telegram негізін қалаушы Павел Дуров келетінін жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сол күні елордада Қазақстан Президенті Тоқаевтың қатысуымен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы өтеді.
Салтанат аясында технология саласындағы әлемдік жетекші сарапшылар мен көшбасшылар қатысатын пленарлық отырыс ұйымдастырылады:
Омар Султан Әл-Олама – БАӘ-нің жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу жөніндегі министрі;
Илья Стребулаев – Стэнфорд университетінің профессоры;
Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures негізін қалаушы және CEO-сы;
Питер Норвиг – Стэнфорд ғылыми қызметкері, Google компаниясының зерттеулер жөніндегі директоры;
Павел Дуров – Telegram негізін қалаушы және CEO-сы.
Сессияны Solana Foundation президенті Лили Лю жүргізеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий