Қарағанды облысында полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді
31 тамыз күні Қарағанды облысында полиция қызметкері әріптесін атып өлтірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға Топар кентіндегі ГРЭС бекетінде болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, полицияның кіші сержанты абайсызда табельдік қаруды атып жіберген. Оқ әріптесінің басына тиіп, ол сол жерде қайтыс болды", - деп хабарлады аймақтағы ПД.
Сондай-ақ, екі қызметкер де Жезқазған қаласы бойынша ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонының құрамында қызмет еткені айтылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты