«Қайрат» – «Реал» ойыны: билеттердің бағасы мен сатылым күні жарияланды
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Алматы клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 23 қыркүйекте, Алматы уақытымен 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖСН-ге екі билеттен артық рәсімделмейді.
Мәліметтер сатып алу кезінде де, стадионға кірген кезде де мұқият тексеріледі.
УЕФА-мен келісілген және топтық кезеңдегі барлық өз алаңындағы матчтарға бірдей болып бекітілген билеттердің бағасы 30 000-нан 250 000 теңгеге дейін құрайды. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар Лигасы матчтарын өткізу халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді», – делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...
21.10.2026
11:46
Маңғыстауда мұнайды танкермен шетелге шығарып с...
21.10.2026
11:45
Дильназ Ахмадиеваның даулы бейнебаяны: Білім ба...