Қазақ тілінен басталған дау: Мейрамханасының әкімшісі кешірім сұрады

25.12.2025 21:18 Берік Арманов Берік Арманов
Қазақ тілінен басталған дау: Мейрамханасының әкімшісі кешірім сұрады
0
87
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан әкімші жұртшылықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Елена есімді мейрамхана әкімшісі заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның Instagram парақшасында жарияланған видеода халықтан кешірім сұрады.

«Мен өз елімнің халқына үн қатқым келеді және айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Мен Қазақстанның азаматымын. Эмоцияға беріліп, “Мен СССР-де тудым” деп айтқаным үшін кешірім өтінемін. Ешкімнің көңіліне тимек болған жоқпын. Сол себепті мені кешірулеріңізді сұраймын», — деді ол.

Жарияланған видеода Мейірман Шекеевтің Gusto мейрамханасына барып, әкімшілікпен сөйлесіп, мәзірдегі қателерді түзету мәселесін көтергені көрінеді. Өз кезегінде мейрамхана басшылығы орын алған жағдай үшін кешірім сұрап, мәзірдегі олқылықтарды түзетуге уәде берді.

Бұған дейін дау тудырған Gusto мейрамханасының әкімшісі қызметінен босатылғаны хабарланған.

Еске салсақ, 23 желтоқсанда Threads желісінің Бақытжанов есімді қолданушысы Gusto мейрамханасының әкімшілігімен қазақ тіліне қатысты туындаған дау жөнінде видео жариялаған.

Осыдан кейін Threads пен 2Gis платформаларында мейрамхана қызметіне қатысты пікірлер көбейіп, желі қолданушыларының бір бөлігі нысанды жабуды талап етсе, енді бірі мемлекеттік тілге құрмет көрсетуді талап етті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий