Қазақстанда түрмедегі 1,5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

30.05.2026 12:28 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда түрмедегі 1,5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін
208
Қай санаттағы азаматтар амнистияға ілінеді? ІІМ түсіндірді

Қазақстанда 2026 жылы ауқымды қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық амнистия 15 мыңнан астам адамды қамтуы мүмкін. Оның ішінде шамамен 1,5 мың сотталған азамат бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы ықтимал.

Амнистия қылмыстық теріс қылық жасағандарға, онша ауыр емес қылмыс жасағандарға, сондай-ақ келтірілген залалды өтеген жағдайда орташа ауырлықтағы жекелеген қылмыстар үшін сотталғандарға қатысты қолданылады.

Алайда терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық, азаптау, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін сотталғандар мен қылмысты бірнеше рет жасаған адамдар амнистияға ілінбейді. Кейбір санаттағы сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Сонымен қатар Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу көзделіп отыр. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтып, 2026 жылғы 17 наурызға дейін жасалған құқық бұзушылықтар бойынша орындалмаған айыппұлдарды есептен шығаруға мүмкіндік береді.

Дегенмен бұл шара жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, есірткі, қару-жарақ және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий