Роза Рымбаева көз жасына ерік берді: Ұлдары күтпеген сый жасады
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолындағы 50 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Айтулы датаға орай әншінің ұлдары анасына ерекше тосынсый жасап, жаңа автокөлік сыйлады.
Қуанышты сәтті әнші әрі продюсер Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Белгілі болғандай, ол анасын автосалонға қызметкерлермен суретке түсу сылтауымен алып келген. Алайда сол жерде әншіге жаңа жол талғамайтын көліктің кілті табысталды.
«Сізді шығармашылық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Сахнада жүргеніңізге – 50 жыл. Осы жаңа көлікті біздің сыйымыз ретінде қабыл алыңыз», – деді Әли Оқапов.
Күтпеген сыйлыққа толқыған Роза Рымбаева қуанышын жасыра алмай, көзіне жас алды. Өнер иесі ұлдарына алғыс айтып, ақ батасын берді.
Желі қолданушылары да әншіні мерейтойымен құттықтап, балаларының қамқорлығы мен сый-құрметіне тәнті болғандарын жазды. Роза Рымбаева 1975 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді және қазақ эстрадасының ең танымал тұлғаларының бірі саналады.
Соңғы жаңалықтар