Қаздан қашқан балаға тағы 100 қаз сыйлаған партияны халық сынап тастады

Қаздан қашқан балаға тағы 100 қаз сыйлаған партияны халық сынап тастады
18.09.2025 12:52
0
170
Скриншот

Қазақ ауылынан шыққан видео бұған дейін бүкіл әлемге тараған еді. Онда кішкентай бала өкіріп жылап, қаздардан әкесіне қарай қашып бара жатқан сәті түсірілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл ролик Instagram-да 200 миллионнан астам, ал TikTok-та 32 миллионнан аса қаралым жинаған болатын.
Видеоның танымалдығы соншалық, онымен американдық рэпер Snoop Dogg та бөлісіп, бұл сәтті әсерлі әрі күлкілі деп атаған.
Осындай танымалдылықтан кейін «Ауыл» партиясы кішкентай Керейге тағы да 100 қаз бен оларды бағуға арналған жем-шөп сыйлады.
Ерекше сыйлықты балақайдың әкесі – Махамбет Ермеков хабарлады.
Алайда бұндай сыйлықты оқырмандар бағаламаған сияқты. Желі қолданушылары балаға одан да жақсы қуаныш сыйлауға болатынын жазды. 

«Енді 100 каздан каша ма?», «Жылқыдан қашсам, жылқы сыйлай ма?», «Мынау кімнің идеясы? Басқа сыйлық сыйлауға болмады ма?», «Ауыл партиясы да «қаз» сияқты ғой», - деп жазды оқырмандар. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий