Таразда адам өлтірген 9-сынып оқушысы сотталды

13.01.2026 20:11 Берік Арманов Берік Арманов
Таразда адам өлтірген 9-сынып оқушысы сотталды
0
49
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанжал кезінде құрдасының өліміне себепкер болған мектеп оқушысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жамбыл облысында құрдасын өлтірген оқушы 6 жыл 8 айға сотталды

Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған жасөспірімге Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған.

Іс барысында анықталғандай, Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқитын екі оқушы арасында жанжал шыққан. Қақтығыс барысында жәбірленуші мойнынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Жасөспірімнің кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының жасы, кінәні ішінара мойындауы және оң мінездемесі жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот шешімімен мектеп оқушысы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың пайдасына айыпталушының ата-анасынан 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өндіруді міндеттеді.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий