Таразда сот бұрынғы әйелі мен құрбысын балағаттаған ер адамды ақтап алды

Таразда сот бұрынғы әйелі мен құрбысын балағаттаған ер адамды ақтап алды
14.10.2025 12:36
0
37

Тараз қаласының №2 сотында қорлау дерегі бойынша ерекше қылмыстық іс қаралған. Бұл туралы POLITICO.KZ хабарлайды.

Сот мәліметінше, ортақ үш баласы бар бұрынғы ерлі-зайыптылар соттасқан.

Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам өзінің бұрынғы әйелі мен оның құрбысының бірге түскен суретінің мессенджерінің біріне "оңбағандар (шайтандар) жиналыпты" деп жазып қойған. Әйелдер бұл әрекетті өздерінің абыройы мен қадір-қасиетін төмендету деп санап, сотқа жүгінді.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, жазбаны мүлік дауына байланысты бұрынғы әйелі қолдан жасады деп мәлімдеген.

Сот психолого-филологиялық сараптама тағайындаған, сараптама "оңбаған" және "шайтан" сөздерін қорлаушы деп таныған, бірақ әдепсіздік емес екенін айтқан. Сот бұл сөздердің әдеби сипатқа ие екенін және олардың балағат сөздерге жатпайтынын айтып, сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ екенін атап өтті.

Осылайша сот сотталушыны кінәсіз деп танып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақтау туралы үкім шығарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий