«Тарихқа енгеніме қуаныштымын»: Айбек Оралбай Ливерпульдегі әлем чемпионатының финалында өзбек боксшысын жеңді

«Тарихқа енгеніме қуаныштымын»: Айбек Оралбай Ливерпульдегі әлем чемпионатының финалында өзбек боксшысын жеңді
15.09.2025 10:01
0
184
Фото: https://www.instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық ауыр салмақ боксшысы Айбек Оралбай (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировты жеңіп, Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жекпе-жек тартысты өтті: бірінші раундта қарсылас алға шықты – 3:2, екінші раундта да Зокиров басым түсті – 4:1. Алайда шешуші раундта Оралбай 4:1 есебімен жеңіп, жекпе-жектің тағдырын өзгертті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіске жетті.

«Қазақ еліме үлкен алғыс айтамын. Халықтың сенімі мен үшін жеңіске деген жігер сыйлады. Сондықтан бар күшімді салып, аянбадым. Әлі Олимпиада жүлдесін алуым керек. Алдымызда үлкен жұмыс тұр, еңбектене беру қажет. Ауыр салмақтағы қазақстаннан тұңғыш әлем чемпионы атанып, тарихқа енгеніме қуаныштымын», – деді Айбек.

Қазақстан құрамасының қоржынында жеті алтын медаль бар. Чемпион атанғандар:
Санжар Ташкенбай (–50 кг),
Махмұд Сабырхан (–55 кг),
Алуа Балқыбекова (–51 кг),
Аида Әбікеева (–65 кг),
Төрехан Сабырхан (–70 кг),
Наталья Богданова (–70 кг),
Айбек Оралбай (+90 кг).
Сонымен қатар Назым Қызайбай (–48 кг) күміс жүлдегер атанса, Виктория Графеева (–60 кг) және Елдана Талипова (+80 кг) қола медаль иеленді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий