Тик-ток директордың қызметінен неге кеткені белгілі болды

Әлеуметтік желілерде тренд видеолар түсіріп, танылған астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ turkystan.kz.
«Бұл жолы мен басқаша келдім... Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін. Сол уақытта мен сіздердің қолдауларыңызды шын сездім. Күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім.
Бұл – менің миссиям. Ұстаздың жанын түсіну, демеу болу, шабыттандару. Оқушыны шынайы тыңдап, үнін есту. Ата-анаға бағыт беру. Жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату. Бәрі бұрынғыдай көрінгенімен, Көп нәрсе өзгерді…Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады… Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол күйі. Рақмет сенімдеріңізге, мені қолдағандарыңызға. Қайта әлеуметтік желіге оралуыма себеп болған – дәл сіздер!», - деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Соңғы жаңалықтар





