Тоқаев ТМД елдеріне төтенше жағдайларды болжау орталығын құруды ұсынды

Тоқаев ТМД елдеріне төтенше жағдайларды болжау орталығын құруды ұсынды
10.10.2025 14:43
0
156
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президенттің айтуынша, экологиялық қауіптер мен табиғи апаттар ТМД елдерінің орнықты дамуына зор қатер төндіреді. Осыған байланысты ол Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, мүдделі мемлекеттерді Каспийдің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаға қосылуға шақырды.

– Климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны зор алаңдаушылық туғызып отыр. Негізі, бұл – өңірлік қана емес, жаһандық проблема. Сондықтан біздің бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құжатты дайындауға Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен бірге барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тартылуға тиіс, – деді Президент.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий