Тоқаев Түркияда Ердоғанмен кездеспекші

Тоқаев Түркияда Ердоғанмен кездеспекші
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілдеде Түркияға ресми сапар жасайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 29 шілде күні Анкараға барады.

Сапар аясында қос ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеру мәселесін талқыламақ.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысына қатысады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу