Түркістан облысында немересін зорлады деген күдікпен атасы тергеуге алынды
Түркістан облысында немересін зорлады деген күдікпен нағашы атасы тергеуге алынды, деп хабарлайды Politico.kz. 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Ақсақалдың екінші сыныптың ұлына қорлық көрсеткені арнайы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. Сұмдық оқиға Отырар ауданында болған.
Шәмші Қалдаяқов ауылындағы сорақы жағдайды естіген тұрғындар жағасын ұстап отыр.
Полицияға «ұлымды туған әкем зорлады» деген әйел арыз жазған екен. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева сегіз жастағы ұл арнайы орталыққа жатқызылғанын жеткізді. Қазір жәбірленушіге психологтар көмек көрсетіп жатыр.
«Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші уақытша «Балаларға арналған орталыққа» жатқызылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдай менің жеке бақылауымда», - деді Зәкиева.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...