"Туыстарға мән бермеңіз": Майя Бекбаева жас әйелдерге ақыл айтты

Отандық тележүргізуші Майя Бекбаева әйел затына тән нәзіктікті сақтау және жаман қарым-қатынастағы туыстарға қалай жауап беру керектігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Журналист, продюсер әрі тележүргізуші Майя Бекбаева Instagram желісіндегі оқырман сұрағына жауап беріп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.
Жазылушылардың бірі тележүргізушіден: "Жан күйзелісінен кейін нәзіктік пен махаббатты қалай сақтауға болады?" — деп сұрады.
Майя Бекбаева бұл сауалға:
"Сіздің нәзіктігіңіз, махаббатыңыз, жан-дүниеңіз бен бақытыңыз — тек өзіңізге тиесілі. Мұны ешкім тартып ала алмайды. Адам бәрінен айырылуы мүмкін, бірақ жүректің түкпірінде сақталған құндылықтар — сіздікі. Онымен қалай әрекет етесіз — бұл өз таңдауыңыз", — деп жауап берді.
Жанұясы жарасқан Майя Бекбаеваның отбасылық тәжірибесі желідегі әйел оқырмандар үшін ерекше қызығушылық тудырды. Одан жаман қарым-қатынастағы туыстарға қалай жауап беру керек деген сауал да қойылды.
"Ешқандай жауап берудің қажеті жоқ. Себеп іздей ме? Себеп бермеңіз", — деп қысқа да нұсқа жауап қайтарды тележүргізуші.
Соңғы жаңалықтар





