«Valentino туфлиі бар, аппарат жоқ»: Қарағандыда бүлдіршін ауруханада көз жұмып, қоғамда дау туды

18.04.2026 16:45 Қарақат АСЫЛОВА
«Valentino туфлиі бар, аппарат жоқ»: Қарағандыда бүлдіршін ауруханада көз жұмып, қоғамда дау туды
334
Медициналық жабдық тапшылығы тағы да көтерілді

Қарағандыда бір жас үш айлық Кәусар Серік есімді бүлдіршіннің қайтыс болуы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай елдегі медициналық жабдықтардың жеткіліксіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясымен түскен. Уақыт өте келе жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер үш жарым апта бойы оның өмірі үшін күрескенімен, өкінішке қарай, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

Марқұмның анасы ауыр сәтте дәрігерлерден қосымша арнайы аппарат алдыруды сұрағанын айтады. Оның сөзінше, бұл құрылғы науқастың қанын оттегімен қамтамасыз етіп, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алайда қажетті құрылғыны Астанадан жеткізуге рұқсат берілмеген, ал аурухананың өзінде ондай жабдық болмаған.

Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, өңірлердегі медициналық мекемелердің заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы мәселесін қайта көтерді. Журналист Айнұр Балакешова бұл оқиғаға пікір білдіріп, денсаулық сақтау саласындағы басшылыққа сын айтты. Ал Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да қоғам тарапынан сынға ұшырады.

“Әйел адамның сәнді әрі әдемі болғаны жақсы. Егер денсаулық сақтау министрі Valentino туфлиін кисе – бұл оның жеке құқығы. Бірақ Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде көптеген өмірді сақтап қалуы мүмкін жасанды тыныс алу аппараты жоқ кезде, мұндай жағдай сынға лайық”, – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий