"Жарты сағаттық кездесу – ғасырға татитын әсер": Жазира Байырбекова Роза Рымбаева туралы әсерімен бөлісті

24.12.2025 14:31 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
71
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жазира Байырбекова концерт барысында қазақ эстрадасының аңыз тұлғасы Роза Қуанышқызымен кездесіп, ерекше әсерге бөленді. Өнер иесінің айтуынша, бар болғаны жарты сағатқа созылған әңгіме тұтас бір ғасырға татитын рухани байлық сыйлаған, деп хабарлайды Politico.kz

Жазира Байырбекова бұл кездесудің өзіне үлкен ой салғанын атап өтті. Роза Қуанышқызының парасаты, өмірге деген терең көзқарасы, сабырлы мінезі мен мейірімі әр сөзі мен ісінен сезіліп тұрғанын жеткізді. Әншінің айтуынша, мұндай тұлғалармен жүздесу адамға шабыт қана емес, өмірлік бағдар да береді.

Кездесу сәті әлеуметтік желіде де қызу талқыланды. Оқырмандар бұл жүздесуді тарихи оқиғаға баласа, көпшілік Роза Рымбаеваның қазақ өнеріндегі орнының айрықша екенін тағы бір мәрте атап өтті.

Желі қолданушылары:


«Тарихи сәт!», «Қазақ эстрадасының примадоннасы – Роза Рымбаева», «Талғамы мен деңгейі бөлек тұлға», «Көйлектер қандай әдемі, нағыз өнер адамдары!»«Роза Қуанышқызы – ән өнерінің мәңгілік шамшырағы»
деген пікірлер қалдырды.

Бұл кездесу қазақ өнеріндегі ұрпақтар сабақтастығының, шынайы құрмет пен рухани байланыстың жарқын көрінісі ретінде есте қалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий