Жазира Байырбекова: «Бөлек жүріп үйренбегенбіз…»
1145
Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасылық өмір, реніш пен сабыр жайлы ойын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі демалыс тақырыбын қозғап, тұрмыста кейде күткен дүниенің орындала бермейтінін астарлап жеткізді.
«Демалысқа 1 аптаға барып келейікші десем Жанболат барғысы келмеді. Өзім қызымды алып барып келейін десем бөлек жүріп үйренбегенбіз. Ренжейін десем санамдағы “шүкіршілік”, “қанағат”, “тәубе” жеңіп кетіп жатыр. Оның үстіне тұрмысқа шығарда шет елдерге қыдыртып тұрам деп уәде берген жоқ қой маған», – деп жазды әнші.
Жазбасының соңында өнер иесі сабыр мен шыдамның бүгінде көп айтыла бермейтін қасиетке айналғанын меңзеп, оқырмандарына ой тастады.
«Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтылмайтын болды», – деп түйіндеді әнші.
Жазира Байырбекова жазбасын «Сіздерде қалай?» деген сауалмен аяқтаған.
Соңғы жаңалықтар
15.07.2026
23:08
Алматыда дипломын жыртқан түлек жауапқа тартылды
15.07.2026
22:14
Қызметтік көлікпен 1,5 жастағы сәбиді қағып өлт...
15.07.2026
21:48
Базарда жоғалған әйел өз анасының үйінен небәрі...
15.07.2026
21:14
Нұрай Серікбайдың ісінде күтпеген жағдай: Заңге...
15.07.2026
20:41
Әнші Қарлығаш Сұлтанша: Балам ауырғанда ешкім қ...
15.07.2026
20:17
Дрон шабуылынан кейін Ресейдегі алып мұнай зауы...