"Желіде танысқан ерлерден ақша бопсалаған": Шымкентте қылмыстық топ әшкереленді

01.08.2025 18:25
0
97
Фото: freepik.com

Шымкентте желі арқылы танысқан ер адамдарды жалдамалы пәтерге шақырып алып, олардан ақша бопсалады деген топтың әрекеті әшкере болды. Полиция мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша жұмыс істеген, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Басылымның хабарлауынша, күдікті топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған.

Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын тартып алған.

"Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды. Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. "Мәселені шешу" сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен", - деп жазады басылым.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Ұсталғандардың ұялы телефондарың тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий