МӘЖІЛІСКЕ ЖАҢА ДЕПУТАТ КЕЛДІ

0
65

Amanat партиясы cаяси кеңесі бюросының қаулысына сәйкес, тізім бойынша бос мандат Нұрсұлтан Байтілесовке берілді. Заң магистрі төменгі палатаның жалпы отырысында ант беріп, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. Ол 2020 жылы Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін.


ПІКІР ЖАЗУ