«Мені күтіп жүр»: Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаев екеуіне қатысты бар шындықты айтты

0
94

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш белгілі футболшы Ұлан Қонысбаев екеуіне қатысты сұраққа жауап беріп, елді ойландырып қойды. Өнер иесі спортшының бүгінде сүйіктісі жоқ екенін айтып, ол өзін күтіп жүргенін жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz

Балжан Бидаш пен Ұлан Қонысбаев «Егіз лебіз» жобасынан кейін Алматы қаласында қайта қауышты. Әнші ару Instagram-дағы парақшасында фото жариялап, футболшының келгенін хабарлады. «Ұланды сұрағандар үшін. Жігіт Алматыға келді», – деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар оқырмандардың бірі шоу-бизнес жұлдызынан Ұлан Қонысбаевтың жеке өмірі туралы сұрады. Балжан Бидаш спортшы бүгінде өзін күтіп жүргенін айтып қалды. «Қызы жоқ. Мені күтіп жүр. Не істейміз», – деп жауап берді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ