Мобильді аударымдардың барлығы тексерілмейді – Қаржы вице-министрі
Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты
Оның айтуынша, жеке шоттарына ай сайын қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп тұлғадан мобильді аударымдар түскен тұлғалар бақылауға алынады.
«100-ден астам аударымдар емес, ал 100 және одан да көп тұлғалардан аударым түскендер бақылауға алынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл – кәсіпкерлік қызметтің белгісі. Әртүрлі жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне ақша аударуға шектеулер жоқ», – деді Біржанов.