Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медалін тағып көрді

0
299

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің алтын медалін тағып түскен суретін желідегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды politico.kz.

«Жалғыз алтынды жақыннан көрдік»-деп жазған ол. Соған қарағанда ақын мен чемпион жүздескенге ұқсайды.

Олимпиададан келгеннен кейін көпшілік Елдос Сметовті «уағыз айтты, діннің басқа ағымындағыларға еріп кетті, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабектер өз қатарына тартып алды, спортшы солардың қармағына түсіп қалды» деп айыптаған болатын. Дегенмен айтыскер ақын да, спортшы да бұл сындарға нақты жауап берген жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ