"Құны – бір пәтер": Әлішер Кәрімов қандай ота жасатқанын айтты

27.06.2024
13:23
0
125
Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов өткен жылы денсаулығы сыр беріп, омыртқасына ота жасатты. Өнер иесі 11 сағатқа созылған операцияның бағасы бір пәтердің құнымен бірдей болғанын айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Әлішер Кәрімов ота жасатқан сәтін еске алып, Асхат Садырбайға берген сұқбатында оған қатысты бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы операцияға қыруар ақша жұмсағанын жасырмады. Әншінің сөзінше, отадан кейін денсаулығы тез жақсарып кеткен."Денсаулыққа мән беру керек. Менің жағдайымда омыртқа мәселесі болды. 11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасы болды. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат бояндыратын бөлмедегі кереуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды. Денсаулықтың қадірін түсінеді екенсің", – деді Кәрімов.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

11.07.2025
19:30
Ресей Талибанды мойындады: Қазақстан да сол жол...

11.07.2025
18:49
"Міне, нағыз әкім": Шұбартүбек әкімі дәретханан...

11.07.2025
18:25
Бауыржан Исаев: Өнерде 30 жыл жүрсем де атақ бе...

11.07.2025
17:47
«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Тұрсынб...

11.07.2025
17:18
Ұлттық байлық қай қолға өтеді? 39 кен орны аукц...

11.07.2025
17:16
Белгілі журналист басшылық қызметке тағайындалды