"Ойбай, қайтып алыңдар деді": Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткерді басшылық қайта жұмысқа шақырды

24.06.2024
11:35
0
116
Ақтөбені тасқын судан аман алып қалған зейнеткер, су саласының маманы Шыңғыстау Әбдиевті аймақ басшысы қайта жұмысқа шақырған,-деп хабарлайды politico.kz
36 жыл Ақтөбе су қоймасында еңбек еткен, еңбегі еленіп, президент қолынан марапат алған Шыңғыстау Әбдиев былтыр желтоқсанда зейнетке шыққан. "Жаңа басшы шақырып алды. Қайтадан жұмыс істеп жатырмын. Мұндай тәжірибелі мамандарды жібермейміз, жастарды үйретсін деген.
Зейнетте үйге сыймай кетеді екенсің. Қайта жұмысқа қосылғаныма қуаныштымын", - дейді Шыңғыстау Әбдиев. Ақтөбеде тасқыннан қауіп күшейгенде мамандар су қоймасынан 1000 текше метрге дейін су жіберуді көздейді.
Бірақ бұрын-соңды қолданылмаған кранды қозғалту қиынға соғады. Шыңғыстау Әбдиев ептілігінің арқасында техниканы еркін бағындырып, жұмысты сәтті аяқтайды.
"Техника дегенді жаймен, баппен істемесе, бірден істен шығып кетуі мүмкін. Бұрынғы тәжірибенің арқасында ақырындап ашып, суды жібердік. 3-4 сағат ішінде бәрін реттеп, суды жіберіп үлгердік. Апаттың алдын алдық. Елдің амандығын сақтап қалуыма атсалысқаным үшін өзім де қанаттанғандай болдым", - дейді гидрология саласының ардагер маманы.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

08.07.2025
12:14
Ақмола облысында сібір жарасы анықталып, екі ау...

08.07.2025
12:07
Астанада ерлі-зайыптының бірігіп жасаған сұмдығ...

08.07.2025
11:22
ВИЧ жұқтырған қазақстандық ер адам өгей қызын з...

08.07.2025
11:21
Үкімет коммуналдық тарифтерді көтермейтін болды

08.07.2025
11:05
"Көзге шөп салып, ажырасады": Танымал нумеролог...

08.07.2025
11:03
Қонаевта депутаттың көз алдында әйел суға батып...